Бокстан екінші орта салмақта абсолютті әлем чемпионы Саул "Канело" Альварес cу тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға қолдау білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Сауль Альварес қазақстандықтарға Геннадий Головкинмен үш рет жекпе-жек өткізген боксшы ретінде мәлім.
"Қазақстан халқы үшін дұға етемін. Атырау және Орал, біз сіздермен біргеміз", – деп жазды "Канело" Instagram-дағы парақшасында.
Айта кетейік, Альварес келесі жекпе-жегін 4 мамырда мексикалық боксшы Хайме Мунгияға қарсы өткізеді. "Канело" соңғы рет шаршы алаңға 2023 жылдың қыркүйегінде шығып, АҚШ өкілі Джермелла Чарлоны жеңген еді.
Альварес кәсіпқой рингте 64 жекпе-жек өткізіп, 60 рет жеңген және 2 рет жеңілген. Сондай-ақ 2 жекпе-жегінде қарсыласымен тең түскен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2084741-aigili-bokssy-saul-kanelo-alvares-su-tasqynynan-zardap-sekken-qazaqstan-xalqyna-qoldau-bildirdi/