jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанға тарихи жүлде сыйлаған спортшы Денис Никиша министрмен кездесті

    Денис Никиша
    Денис Никиша. Фото: Marcel ter Bals/DeFodi Images via Getty Images

    Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Нидерланд Корольдігінің Роттердам қаласында өткен шорт-тректен ересектер арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль олжалап, Қазақстанға тарихи жүлдені сыйлаған Денис Никишаны қабылдады. Спортшыға және оның жеке бапкері Петр Гамидовке Алғыс хат табыстады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Кездесу барысында министр спортшының әлем чемпионатындағы жетістігін жоғары бағалап, алдағы уақытта да ел намысы сыналатын маңызды турнирлерде табысты өнер көрсетуіне тілекші екенін жеткізді.

    "Ең алдымен, сізді шорт-тректен Нидерланд Корольдігінің Роттердам қаласында өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атануыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Әлемдік додадағы жоғары жетістігіңіз біз үшін үлкен мақтаныш және жастарды спортқа, саламатты өмір салтына тәрбиелеудің лайықты үлгісі. Еңбекқорлығыңыз бен кәсіби шеберлігіңіз отандық спорттың гүлденуіне одан әрі де қызмет ететініне сенімдімін. Алдағы уақытта да ел намысы сыналатын маңызды турнирлерде табысты өнер көрсетуіңізге тілекшімін", – деді Ермек Маржықпаев.

    Роттердамда өткен әлем чемпионатының финалында Ұлттық құрама көшбасшысы 500 метр қашықтықты 41.676 секундта бағындырып, мәре сызығын екінші болып қиған еді. Алтын медаль Лин Сяоджунның (Қытай) еншісінде кетсе, үздік үштікті Джордан Пьере-Гиллес (Канада) түйіндеді.

    Қазақстанға тарихи жүлде сыйлаған спортшы Денис Никиша министрмен кездесті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.