Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан қоржынына Париж Олимпиадасының отыз үшінші жолдамасы түсті

Опубликовано:

Дмитрий Панарин
Дмитрий Панарин. Фото: instagram.com/qaz_olympics

Бадминтоннан Қазақстан ұлттық құрамасының спортшысы Дмитрий Панарин Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Cпортты дамыту дирекциясының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Дмитрий олимпиадалық рейтингте 25005 ұпаймен 31-орынға тұрақтады. Сондай-ақ Қазақстан командалық есепте алғашқы 25 елдің қатарына кірді.

Қазір Қазақстан делегациясында Париж Олимпиадасының 33 лицензиясы бар:

  • бокс – 7 (ерлер 6, әйелдер 1);
  • нысана көздеу – 5;
  • садақ ату – 4;
  • семсерлесу – 4;
  • тас жолдағы велоспорт – 3;
  • қазіргі бессайыс – 2;
  • таэквондо – 2;
  • грек-рим күресі – 1;
  • еркін күрес – 1; спорттық гимнастика – 1;
  • батуттағы гимнастика – 1;
  • жеңіл атлетика –1;
  • бадминтон – 1.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2086631-qazaqstan-qorzynyna-pariz-olimpiadasynyn-otyz-usinsi-zoldamasy-tusti/

pixel