Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық футболшы ойын алаңына "Нүкенова" деп жазылған футболкамен шықты (видео)

Жарияланған күні:

Темірлан Ержанұлы
Темірлан Ержанұлы. Фото: instagram.com/temirlan_erzhanovich_

Медиа футболшы Темірлан Ержанұлы матчқа марқұм Салтанат Нүкенованың тегі жазылған футболка киіп шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

16 сәуірде медиа футболдан Қазақстан және Қырғызстан құрамалары Алматыдағы Орталық стадионда матч өткізді. Ойын 4:3 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді.

Бұл матчқа Қазақстан құрамасының ойыншысы Темірлан Ержанұлы марқұм Салтанат Нүкенованың тегі жазылған футболка киіп шықты.

"Әйелдерді сүйіп, құрметтеуіміз керек. Олар біреудің қарындасы, біреудің қызы және болашақ ана екенін естен шығармаңыздар", - деді Ержанұлы.

Айта кетейік, 9 қарашада Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелдің дене жарақатынан қаза тапқаны туралы ақпарат пайда болды. Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев күдікті екені белгілі болды.

Бишімбаевтың екінші әйелі Салтанат Нүкенова қаза тапқан болып шықты.

12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Нүкенова қайтыс болған "Гастро-орталық" директоры да қамауға алынды. Ол қылмысты жасырды деген күдікке ілінді.

27 наурызда Қуандық Бишімбаевқа қатысты басты сот отырысы басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2086889-otandyq-futbolsy-oiyn-alanyna-nukenova-dep-zazylgan-zeidemen-syqty-video/