Gracenote-Nielsen аналитикалық агенттігінің сарапшылары Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарында әр мемлекет қанша медаль жеңіп алатынына болжам жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Gracenote-Nielsen агенттігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Агенттіктің болжамынша, Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасында 2 алтын, 1 күміс, 7 қола жүлде жеңіп алып, медаль кестесінде 26-орынға жайғасуы мүмкін.
Gracenote-Nielsen агенттігінің болжамы:
- 1. АҚШ – 39 алтын, 37 күміс, 47 қола;
- 2. Қытай – 35 алтын , 30 күміс, 24 қола;
- 3. Франция – 28 алтын, 18 күміс, 8 қола;
- 4. Ұлыбритания – 13 алтын, 23 күміс, 30 қола;
- 5. Аустралия – 13 алтын, 19 күміс, 18 қола;
- 17. Өзбекстан – 3 алтын, 2 күміс, 8 қола;
- 26. Қазақстан – 2 алтын, 1 күміс, 7 қола.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Токио Олимпиадасында 8 қола жүлде иеленіп, медаль кестесінде 83-орынға жайғасқан еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2086982-seteldik-sarapsylar-qazaqstan-quramasy-pariz-olimpiadasynda-satsiz-oner-korsetedi-degen-bolzam-aitty/