Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан Париж Олимпиадасында қандай нәтиже көрсетуі мүмкін: шетелдік сарапшылар болжам жасады

Опубликовано:

Париждегі Эйфель мұнарасы
Париждегі Эйфель мұнарасы. Фото: Photo by Julien Mattia/NurPhoto via Getty Images

Gracenote-Nielsen аналитикалық агенттігінің сарапшылары Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарында әр мемлекет қанша медаль жеңіп алатынына болжам жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Gracenote-Nielsen агенттігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттіктің болжамынша, Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасында 2 алтын, 1 күміс, 7 қола жүлде жеңіп алып, медаль кестесінде 26-орынға жайғасуы мүмкін.

Gracenote-Nielsen агенттігінің болжамы:

  • 1. АҚШ – 39 алтын, 37 күміс, 47 қола;
  • 2. Қытай – 35 алтын , 30 күміс, 24 қола;
  • 3. Франция – 28 алтын, 18 күміс, 8 қола;
  • 4. Ұлыбритания – 13 алтын, 23 күміс, 30 қола;
  • 5. Аустралия – 13 алтын, 19 күміс, 18 қола;
  • 17. Өзбекстан – 3 алтын, 2 күміс, 8 қола;
  • 26. Қазақстан – 2 алтын, 1 күміс, 7 қола.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Токио Олимпиадасында 8 қола жүлде иеленіп, медаль кестесінде 83-орынға жайғасқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2086982-seteldik-sarapsylar-qazaqstan-quramasy-pariz-olimpiadasynda-satsiz-oner-korsetedi-degen-bolzam-aitty/

pixel