Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан құрамасының Париж Олимпиадасына арналған киімі таныстырылды (фото)

Жарияланған күні:

Жазғы Олимпиада ойындарының логотипі
Жазғы Олимпиада ойындарының логотипі. Фото: Chesnot/Getty Images

Қазақстан құрамасының Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына арналған киім үлгілері таныстырылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Бүгін, 18 сәуірде мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында мәжіліс депутаттарына Қазақстан спортшыларының Париж Олимпиадасына арналған киім үлгілері таныстырылды.

Киім үлгілері бірнеше формадан тұрады. Олимпиадаға ту ұстап шығатын екі спортшыға бөлек форма қарастырылған.

Cалтанатты шеруде ту ұстап шығатын ер адамға арналған форма
Cалтанатты шеруде ту ұстап шығатын ер адамға арналған форма. Фото: instagram.com/qaz_olympics

Салтанаты шеруге ту ұстап шығатын әйел спортшының формасы
Салтанаты шеруге ту ұстап шығатын әйел спортшының формасы. Фото: instagram.com/qaz_olympics

Сондай-ақ спортшылар cалтанатты шеруге шыққанда киетін киім де таныстырылды.

Ерлердің салтанатты шеруге арналған формасы
Ерлердің салтанатты шеруге арналған формасы : instagram.com/qaz_olympics

Әйелдердің салтанатты шеруге арналған киімі
Әйелдердің салтанатты шеруге арналған киімі. Фото: instagram/qaz_olympics

Әйелдер киімі
Әйелдер киімі. Фото: instagram/qaz_olympics

Әйелдердің салтанатты шеруге арналған формасы
Әйелдердің салтанатты шеруге арналған формасы. Фото: instagram.com/qaz_olympics

Бұдан бөлек марапаттау рәсіміне арналған бөлек киім беріледі. Сонымен бірге жаттығу жасағанда киетін форма жинағы да қарастырылған.

Ұлттық құраманың спорттық формасы
Ұлттық құраманың спорттық формасы. Фото: instagram.com/qaz_olympics

Айта кетейік, биыл жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында Парижде (Франция) өтеді. Қазір Қазақстан құрамасында 13 спорт түрінен Олимпиаданың 33 лицензиясы бар: бокс – 7 (ерлер 6, әйелдер 1); нысана көздеу – 5; садақ ату – 4; семсерлесу – 4; тас жолдағы велоспорт – 3; қазіргі бессайыс – 2; таэквондо – 2; грек-рим күресі – 1; еркін күрес – 1; спорттық гимнастика – 1; батуттағы гимнастика – 1; жеңіл атлетика –1; бадминтон – 1.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2087174-qazaqstan-quramasynyn-pariz-olimpiadasyna-arnalgan-kiimi-tanystyryldy-foto/