Гонконгта өтіп жатқан Азия чемпионатында отандасымыз дзюдошы Елдос Сметов жартылай финалға шыға алмады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап хабарлайды.
Гонконгтағы Азия чемпионатының ширек финалында Елдос Сметов 3 ескерту алып, жапон палуаны, 2023 жылғы Универсиаданың жеңімпазы, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы (2022 жыл) Тайки Накамураға жол берді.
Енді Елдос Сметов қола медаль жолында жұбаныш белдесуіне шығады.
Айта кетейік, отандасымыз алғашқы белдесуінде Солтүстік Корея дзюдошысын голден-скорда ұтқан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2088185-aziya-cempionaty-dzyudosy-eldos-smetov-zaponiyalyq-universiyada-zenimpazyna-ese-ziberdi/