Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан 2024 жылғы Олимпиадаға жаңа лицензия алды

Опубликовано:

Владислав Яковлев жарыс кезінде
Ескекші Владислав Яковлев. Фото: olympic.kz

Қазақстандық Владислав Яковлев ескек есуден 2024 жылғы ойындарға жолдама жеңіп алды. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бұл спорт түрінен Олимпиадаға Азиялық іріктеу турнирі Оңтүстік Кореядағы Чунджу қаласында өтпек. Яковлев жарыста жеке өнер көрсетіп, сыннан сәтті өтті.

Қазақстандық спортшы 2000 метр қашықтықты 6 минут 59,46 секундта жүзіп өтіп, бірінші орынға ие болды. Индонезия өкілі мәреге екінші болып, Үндістан спортшысы үшінші болып мәре сызығынан асты.

31 жастағы Яковлев өзінің мансабында төртінші рет Париждегі Олимпиадаға қатыспақ. Ол бұған дейін 2012, 2016 және 2020 ойындарына қатысқан, алайда 19-орыннан жоғарыламаған еді. Юниор деңгейінде қазақстандық спортшы үш рет Азия чемпионы атанған болатын.

Яковлевтің лицензиясы Олимпиада-2024 жарыстарында Қазақстан үшін академиялық ескек есуден тұңғыш лицензия. Айта кетейік, еліміздің атынан қатысатын спортшылар қазір жарыстарға 43 жолдамаға алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2088449-qazaqstan-2024-zylgy-olimpiadaga-zana-licenziya-aldy/

pixel