Футболдан Франция құрамасының бұрынғы ойыншысы Флоран Малуда Алматыға келіп, алғаш рет қымыз ішіп көрді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Малуда қымыз ішіп отырған сәтін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады.
"Мен Алматыдамын және қымыз ішіп отырмын. Жылқы сүт беретінін білмеппін", - деді футболшы.
Флоран Малуда – 2012 жылы "Челси" сапында Чемпиондар лигасын жеңіп алған футболшы. Сондай-ақ 2006 жылы Франция құрамасымен бірге әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Еске салайық, осыған дейін италиялық танымал футболшы, 2006 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы Марко Матерацци Қазақстанға келген еді. Ол Астанада өткен Metaratings Top Awards премиясының марапаттау рәсімінің арнайы қонағы болды. Сондай-ақ "Астана" футбол клубының U-17 жасөспірімдер құрамасының оқу-жаттығу жиынына қатысты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2088767-celsi-futbol-klubynyn-buryngy-oiynsysy-qazaqstanga-kelip-qymyz-isti-video/