Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан әлем чемпионы Қазақстанға келді (фото)

Опубликовано:

Марко Матерацци "Астана" футбол клубының оқу-жаттығу жиынында жүр
Марко Матерацци "Астана" футбол клубының оқу-жаттығу жиынында жүр. Фото: instagram.com/fcastana_youth

Италия футбол құрамасының сапында әлем чемпионы атанған Марко Матерацци Қазақстанға келді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Марко Матерацци бүгін, 28 наурызда Астанада өтетін Metaratings Top Awards премиясының марапаттау рәсіміне арнайы шақырылған.

"Жылы қарсы алғандарыңызға рақмет! Алға Қазақстан!" - деп жазды Матерацци Instagram-дағы парақшасында.

Сондай-ақ 50 жастағы футболшы "Астана" футбол клубының U-17 жасөспірімдер құрамасының оқу-жаттығу жиынына қатысты.

"Миландық "Интердің" бұрынғы ойыншысы жас аяқдопшылардың сұрақтарына жауап беріп, кеңесін берді және алдағы QJ лигасы маусымында жігіттерге сәттілік тіледі", - делінген "Астана" футбол клубының Instagram желісіндегі жазбасында.

Айта кетейік, Марко Матерацци футболдан Италияның бес дүркін чемпионы және 2006 жылғы әлем чемпионатының, сондай-ақ Чемпиондар лигасының жеңімпазы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2074668-futboldan-alem-cempiony-qazaqstanga-keldi-foto/

pixel