Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем чемпионы атанған қазақстандық ардагер спортшы өзіне тиесілі төлемақыға сот арқылы қол жеткізді

Опубликовано:

Бөгежан Аманбаев
Бөгежан Аманбаев. Фото: diapazon.kz/

Әлем чемпионаттарында топ жарған Бөгежан Аманбаев спорттағы жетістіктері үшін берілуге тиіс төлемақыға сот арқылы қол жеткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Диапозон" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

67 жастағы Бөгежан Аманбаев – гір көтеру спортынан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Ол ардагерлер санатында бақ сынап, әлем чемпионаттарында бірнеше мәрте алтын медаль жеңіп алған.

2021 жылы Аманбаев Будапештте өткен 65-69 жас аралығындағы гір көтеру спорты бойынша әлем чемпионатына қатысты. Бұл жарыста 32 елден келген спортшылар жүлдеге таласты. Бөгежан Аманбаев сол жарыста үш алтын медаль жеңіп алды. 2022 жылы ол Үндістан астанасы Нью-Делиде өткен әлем чемпионатына қатысып, екі рет жоғары марапатқа ие болған.

Ардагерлер арасындағы әлем чемпионы Туризм және спорт министрлігіне осы екі әлем чемпионатында бірнші орын алғаны үшін ақшалай сыйақы төлеуді талап етіп, екі рет арыз түсірген. Спорт саласының шенеуніктері бұған дейін оған төлемдер беруден бас тартып, әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне төлемдер жас лимитімен реттелетінін түсіндірген. Сот ісін қарау барасында министрлік өкілі талапкердің ардагер спортшы екенін, яғни спорттық мансабын аяқтағанын жеткізді. Ал нормалар бойынша ардагер спортшыларға төлем берілмейді.

Бөгежан Аманбаев жарыста ұлттық құрама спортшыларымен қатар өнер көрсеткенін, Қазақстанның намысын қорғаған, ал оның алтын медальдары жалпы медальдық есепте ескерілгенін атап өтті.

Екі талап бойынша да сот министрлік өкілінің төлемнен бас тарту туралы дәлелдері жеткіліксіз деп шешті, ал ережелерде ардагерлердің төлем алуға құқығы жоқ екендігі еш жерде көрсетілмеген. Нәтижесінде сот талапкердің пайдасына шешім шығарып, Қаржы министрлігін ардагер спортшыға Мажарастан мен Үндістандағы әлем чемпионаттарында алған алтын медалдары үшін тиісті төлемдерді төлеуге міндеттеді

Айта кетейік, үкіметтің 2020 жылғы қаулысы бойынша олимпиадалық емес спорт түрлерінен әлем чемпионаттарында бірінші орын алған спортшыға 2300 доллар беріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2088875-alem-cempiony-atangan-qazaqstandyq-ardager-sportsy-ozine-tiesili-tolemaqyga-sot-arqyly-qol-zetkizdi/

pixel