Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Колумбия чемпионатының матчы кезінде жанкүйер футболшыға пышақ лақтырды (видео)

Опубликовано:

Пабло Сепельини
Пабло Сепельини. Фото: noticiasregion23.com

Футболдан Колумбия чемпионатының кезекті туры аясындағы матчта жанкүйерлер "Атлетико Насьональ" клубының ойыншысы Пабло Сепельиниге пышақ лақтырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ region23 сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

21 сәуірде Колумбия чемпионатының 18-туры аясында "Медельин" мен "Атлетико Насьональ" футбол клубтары кездесті. Матч 2:2 есебімен тең аяқталды. Алайда кездесудің соңғы минуттарында келеңсіз жағдай орын алды. Алаң иелерінің жанкүйерлері "Атлетико Насьональ" футбол клубының уругвайлық ойыншысы Пабло Сеппелиниге пышақ лақтырған еді.

Абырой болғанда, бұрыштама добын орындағалы жатқан Паблоның басына пышақтың сабы тиеді. Ойыншы ауыр жарақат алған жоқ.

Дереккөздің мәліметінше, жергілікті тәртіп сақшылары пышақ лақтырған жанкүйердің кім екенін анықтап жатыр. Ал осы матчқа 30 897 адам қатысқан екен.

Пабло Сеппелини – уругвайлық футболшы. 32 жастағы жартылай қорғаушы "Атлетико Насьональ" футбол клубының сапына биылғы маусымда қосылды. Кәсіпқой футболшы мансабын италиялық "Кальяри" командасында бастаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2089433-kolumbiya-cempionatynyn-matcy-kezinde-zankuier-futbolsyga-pysaq-laqtyrdy-video/

pixel