Футболдан Гаити ұлттық құрамасының ойыншысы Алекс Джуниор Қазақстандағы футбол алаңдарының сапасын сынады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Meta-ratings сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Алекс Джуниор – Гаити ұлттық құрамасының 30 жастағы футболшысы. Ол қазақстандық "Ақсу", "Атырау" және "Тараз" футбол клубтарында доп тепкен.
"Қазақстан чемпионатында мен ойнаған ең нашар алаң Қызылорда қаласында. "Атырау" футбол клубының легионерлері сол клубтың алаңын көп сынайтын. Алайда ҚПЛ-дың кезекті турында Қызылордаға барғанда алаңды көріп, таңғалдық. Мен ондай алаңда ешқашан ойнаған емеспін. Құмда ойнап жүргендей сезім болды. Сонымен қатар абайлап ойнадым. Себебі Гаити ұлттық құрамасының ойындары алдында жарақат алғым келген жоқ", – деді Алекс.
Айта кетейік, Алекс Қазақстан Премьер лигасының өткен жылғы маусымында "Ақсу" сапында ойнаған еді. Павлодардық команда 26 турда 18 ұпай жинап, ең соңғы орынмен Бірінші лигаға түсіп қалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2090222-qumda-oinagandai-boldym-legioner-oiynshy-qazaqstandagy-futbol-alangdarynyng-sapasyn-synady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.