Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қуат Хамитов су тасқынынан зардап шеккен атыраулықтарға гуманитарлық көмек жіберді (видео)

Опубликовано:

Қуат Хамитов
Қуат Хамитов. Фото: instagram.com/kuat__khamitov

Аралас жекпе-жек шебері Қуат "Найман" Хамитов Атырау облысында тасқын судан зардап шеккен халыққа гуманитарлық көмек жіберді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қуат Хамитовтың Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қуат Хамитов қазіргі таңда 11 мамырда болатын кезекті жекпе-жегіне Таиландта дайындалып жатыр. Ол ресейлік файтер Александр Шлеменкомен қолғап түйістіреді.

"Елде болсам Құлсарыға барып қызмет етуге болатын еді. Өкінішке қарай, қазір шетелде дайындықта жүрмін. Сондықтан, аз болса да халқыма, еліме пайдам тисін деп өз атымнан гуманитарлық көмек жіберіп жатырмын", – деді Хамитов.

Қазақстандық файтер сөз соңында жақын арада тасқыннан зардап шеккен басқа да облыстарға көмек жіберетінін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2090813-quat-hamitov-su-tasqynynan-zardap-shekken-atyraulyqtarga-gumanitarlyq-komek-zhiberdi-video/

pixel