Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сабина Алтынбекова: Арамза ер адамдардың заманында өмір сүріп жатырмыз

Опубликовано:

Волейболистка Сабина Алтынбекова
Волейболистка Сабина Алтынбекова: Instagram.com / altynbekova_20

Қазақстандық танымал волейболшы Сабина Алтынбекова әлеуметтік желіде қылмыс жасап сотталған азаматтарға шүйлікті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Біздің елдің ер -азаматтарына не болып жатқанын түсіне алар емеспін. Қорғап, мәпелеудің орнына өздеріңізді айуан секілді ұстайсыздар. Қыздар, өздеріңізбен бірге өткір иісті баллон алып жүріңіздер, оны қандай жағдайда және қалай қолдану керектігін оқып алыңыздар. Өз-өзіңізді қорғауға тура келетін жайттар болуы мүмкін, сондықтан дайын болыңыздар.

Тағы бір мәселе: тіпті танитын ер-азамат ұсынған сусынды да қабыл алмаңыздар. Біз арамза ер адамдардың заманында өмір сүріп жатырмыз", – деп жазды Алтынбекова Instagram әлеуметтік желісінде.

Сабина Алтынбекованың Instagram stories-і
Сабина Алтынбекованың Instagram stories-і. Скриншот: instagram/altynbekova_20

Айта кетейік, 11 сәуірде сенатта әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылық туралы кей заңнамаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар мақұлданған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2090927-sabina-altynbekova-aramza-er-adamdardyng-zamanynda-omir-surip-zhatyrmyz/

pixel