Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семсерлесуден Қазақстан құрамасы лицензиялық турнирге қатысады

Опубликовано:

Қазақстандық спортшы
Қазақстандық спортшы. Фото: olympic.kz

27-28 сәуір аралығында Фуджейра қаласында (БАӘ) семсерлесуден Азиялық аймақтық іріктеу турнирі өтеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

2024 жылы жазда Парижде өтетені Олимпиада ойындарына жолдама беретін жарысқа 28 елдің спортшылары қатысады. Олардың қатарында Қазақстан құрамасы да бар.

Қазақстан атынан төмендегі спортшылар бақ сынайды:

  • Әйгерім Сарыбай – сабля;
  • Артем Саркисян – сабля;
  • София Николайчук – шпага;
  • Ғалым Нұрымов – рапира;
  • София Ақтаева – рапира.

Айта кетелік, мұнда әрбір қару түрінен бір жолдамадан ойнатылады. Сондықтан, Париж Олимпиадасына жолдама алу үшін тек қана бірінші орын иелену керек. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2091788-semserlesuden-qazaqstan-quramasy-litsenziialyq-turnirge-qatysady/

pixel