Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгерім Сарыбай Париж Олимпиадасының лицензиясына қол жеткізді

Опубликовано:

Әйгерім Сарыбай
Әйгерім Сарыбай. Фото: Нұрғали Жұмағазы/Спортты дамыту дирекциясы

Ұлттық құрама спортшысы Әйгерім Сарыбай Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Біріккен Араб Әмірлігінің Фуджейра қаласында өтіп жатқан лицензиялық жарыстың финалында Ку Винг Чудан (Қытайдың Гонконгы) басым түсті. Аса тартысты өткен айқастың есебі 15-13.

Әйгерім қылыш жаттығуы бойынша жартылай финалда Вероника Василевадан (Аустралия) басым түсті (15-12).

Ал ерлер бәсекесінде Ғалым Нұрымов Сингапур өкілі Самуэль Робсоннан 13:15 есебімен жол берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2092565-aigerim-sarybai-parizh-olimpiadasynyng-litsenziiasyna-qol-zhetkizdi/

pixel