Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

64 жастағы маңғыстаулық спортшы Парижде өтетін Олимпиадаға велосипедпен аттанбақ

Опубликовано:

Рәббім Борашев
Рәббім Борашев. Фото: mangystaumedia.kz

Велошабандоз Рәббім Борашев 3 мамырда Франция астанасы Парижге жол жүреді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Парижге сапарымды Бакуден бастауды жоспарлап отырмын. Әрі қарай Тбилиси, Батуми қалалары бар. Анкараға дейін велосипедпен барамын. Турда Венгрия, Германия, Франция елдерінің территориялары бар. Жолдың ұзындығын 5 мың шақырым деп болжап отырмын", – деді Борашев.

Велошабандоз Парижге дейінгі жолды 2 айда жүріп өтуді жоспарлап отыр.

"Олимпиада ойындары басталғанда барлық қақтығыстар, соғыс тоқтатылады. Бұл – қалыптасқан үрдіс, жақсы ырым. Мен де елдің амандығын тілеп, қазақ елінің туын алып бара жатырмын. Осылай елдің спортшыларына қолдау білдіргім келді", – деді Рәббім Борашев.

64 жастағы спортшы 4 жылдан бері елде әртүрлі велотурларды ұйымдастырып жүр.

"Ең ауқымды тур Маңғыстаудан Алтайға сапарым болды, ол жерде 5406 метр биіктікке шықтым", – деді велошабандоз.

Айта кетейік, осы жылы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында Парижде (Франция) жазғы Олимпиада ойындары өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2093111-64-zhastagy-manggystaulyq-sportshy-parizhde-otetin-olimpiadaga-velosipedpen-attanbaq/

pixel