Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Хоттабычтың" құрметіне: "Ертіс" соққан голын 85 жасында өмірден өткен марқұм жанкүйеріне арнады

Опубликовано:

"Ертіс" футбол клубының ойыншылары
"Ертіс" футбол клубының ойыншылары. Фото: instagram.com/ertis_fk

1 мамырда "Ертіс" футбол клубы QFL Екінші лигасының 4-туры аясында талдықорғандық "Жетісу Ж" командасымен ойнап, 4:1 есебімен ұтты. "Ертіс" футболшылары қарсылас командаға соққан алғашқы голын қайтыс болған жанкүйер Анатолий Шушкановқа арнады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Матчтың алғашқы голын "Ертіс" футболшысы Арман Смаилов салды. Бұл голды павлодарлық команда дүниеден өткен жанкүйер Анатолий Шушкановқа арнады. "Ертіске" жарты ғасырдан астам жанкүйер болған Анатолий Шушканов 85 жасқа қараған шағында көз жұмған еді. Оны футбол сүйер қауым "Хоттабыч" деп атаған.

"Бұл гол біздің қымбатты жанкүйеріміз Хоттабыч Анатолий Шушкановқа арналады", - делінген "Ертістің" Instagram парақшасында.

Қазір "Ертіc" командасы QFL Екінші лигасы "Солтүстік-Шығыс" конференциясының турнир кестесінде 9 ұпаймен екінші орында тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2094533-ertis-futbolshylary-soqqan-golyn-qaitys-bolgan-zhankuierge-arnady-video/

pixel