Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемге танымал футболшылар Астанада ағаш отырғызды

Опубликовано:

Көшет отырғызу сәті
Көшет отырғызу сәті. Фото: gov.kz

Аты аңызға айналған футболшылар Коло Туре мен Фадига Халилу елордадағы Қазақстан футбол федерациясы аумағында көшет отырғызып, экологияға үлес қосқандарына қуанышты екендерін жеткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Тек жасыл алаңда ғана емес, қаланың экологиясын сақтау мақсатында ұйымдастырылған акцияға қатысқаныма өте қуаныштымын. Бұған дейін де көптеген қалаларда болдым. Ал Астананың өзіндік әдемілігі бар. Тазалығы бір жолға қойылғаны көрініп тұр. Бастысы мені сыйлап, шақырғандарыңызға қуаныштымын!", - деді бұрын "Арсенал", "Манчестер Сити", "Ливерпуль" сапында ойнаған футболшы Коло Туре.

Көшет отырғызу сәті
Көшет отырғызу сәті. Фото: gov.kz

Айта кетейік 3 аптадан бері елордада "Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі" экоакциясы өтіп жатыр.

Биыл Астанада барлығы 1,1 миллион жасыл желек отырғызу жоспарланып отыр. Үш аптада қалада 74 мыңнан астам көшет отырғызылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2094731-alemge-tanymal-futbolshylar-astanada-agash-otyrgyzdy/

pixel