Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мені әрдайым қолдайтын": гвинеялық футболшы қазақ қызымен екі жыл кездескенін айтты

Опубликовано:

Адама Диалло
Адама Диалло. Фото: metaratings.kz

"Қайсар" және "Тұран" футбол клубтарында ойнаған гвинеялық легионер Адама Диалло қазақ қызымен екі жыл кездескенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Metaratings.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Өткен жылы БАҚ-та Адама Диаллоның қазақ қызымен түскен суреті тараған еді.

"Толығырақ айтқым келмейді, бірақ ол – жақсы қыз. Қазақстанда мен үшін қиын кезеңдер болды, сол кезде ол маған көмектесті. Екеуіміз екі жыл кездестік. Ол мені әр сәтсіз өткен матчтан кейін үнемі қолдайтын", – деді Адама Диалло.

Айта кетейік, гвинеялық шабуылшы Адама Диалло Қазақстандағы "Қайсар" және "Тұран" футбол клубтарында ойнады. Барлығы 63 матч өткізіп, 44 гол соғып, 8 нәтижелі пас берді.

Transfermarkt порталының мәліметінше, Диаллоның трансферлік нарықтағы құны – 300 мың еуро.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2095901-meni-ardaiym-qoldaityn-gvineialyq-futbolshy-qazaq-qyzymen-eki-zhyl-kezdeskenin-aitty/

pixel