Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін – грек-рим күресінен қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионының туған күні

Опубликовано:

Жақсылық Үшкемпіров
Жақсылық Үшкемпіров. Фото: olympic.kz

Бүгін, 6 мамыр – грек-рим күресінен қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, даңқты балуан Жақсылық Үшкемпіровтің туған күні. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Жақсылық Үшкемпіров 1951 жылы Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы Тегістік ауылында дүниеге келген. Ол – грек-рим күресінің балуаны, спорт шебері (1971), Халықаралық спорт шебері (1975), Еңбек сіңірген спорт шебері (1980), грек-рим күресінен қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы (Мәскеу, 1980), Әлем чемпионы (1981), әлем кубогының күміс жүлдегері (1982), екі дүркін Кеңес Одағының чемпионы (1975, 1980), Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

Даңқты балуан 2020 жылы тамызда 69 жасында қайтыс болды. Cол жылы Астанадағы жекпе-жек сарайына Жақсылық Үшкемпіровтің есімі берілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2096834-bugin-zhaqsylyq-ushkempirovting-tugan-kuni/

pixel