Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің басшысы Геннадий Головкин Өзбекстан Ұлттық олимпиада комитетінің басшылығымен кездесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Olympic.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ұлттық олимпиада комитетінің басшысы Геннадий Головкин мен Қазақстан ҰОК бас хатшысы Жанар Утешева АОК вице-президенті Отабек Омаров әрі Өзбекстан ҰОК бас хатшысы Ойбек Қасымовпен кездесті.
"Тараптар бауырлас елдердегі спортты дамытудың мақсаты мен ерекшеліктері ортақ екенін атап өтті. Бұл бағыттағы бірлескен жұмыс тұтастай құрмет пен достық негізге құрылған", - делінген хабарламада.
Отабек Омаров Геннадий Головкинді Қазақстан ҰОК басшысы қызметіне тағайындалуымен құттықтап, аймақтағы кез келген бастамаға қолдау көрсететінін айтты. Кездесу барысында спорт саласын дамытудың алдағы жоспарлары мен екі ел ҰОК арасындағы ынтымақтастық мәселесі де талқыланды.
Сондай-ақ тараптар екі елдің спорт саласындағы ынтымақтастығы жасанды бәсекелестік негізінде емес, өзара қолдау негізінде құрылуы керек деген ортақ шешімге келді. Екі елдің ҰОК басшылары спортты дамытуға, жоғары нәтижелерді бағындыруға ортақ күш бағыттау қажеттігін айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2098766-golovkin-ozbekstannyng-ulttyq-olimpiada-komitetining-basshylygymen-kezdesti/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.