Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Геннадий Головкин Азия Олимпиадалық Кеңесінің Бас Ассамблеясына қатысты

Опубликовано:

Геннадий Головкин мен Жанар Утешова
Геннадий Головкин мен Жанар Утешова. Фото: olympic.kz

Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің басшысы Геннадий Головкин Азия Олимпиадалық Кеңесінің (АОК) Бас Ассамблеясына қатысты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Olympic.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылым жазуынша, іс-шара 10-11 мамыр аралығында өтіп жатыр. Жуырда Бангкокте өткен Азия Олимпиадалық Кеңесінің (АОК) Бас Ассамблеясы аясында Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин АОК Атқарушы комитетінің мүшелерімен екіжақты кездесулер өткізді. Оның ішінде Головкин АОК президентінің міндетін атқарушы Раджа Рандхир Сингхпен де жүздесті. 

Сингх мырза Геннадий Головкинді жауапты қызметке сайлануымен құттықтады. Ол спорттық ұйымдардың басшылығына спортшыларды тарту үдерісін қолдайтынын, сондай-ақ, Қазақстан ҰОК алдағы уақытта АОК-ке арқа сүйей алатынын жеткізді. 

Айта кетейік, Ассамблеяда түрлі ұйым комитеттерінің есебі тыңдалып қана қоймай, Халықаралық Олимпиада комитетітінің (ХОК) Олимпиадалық хартиясына негізделген АОК жаңа Конституциясы да қабылданбақ.

Азия Олимпиадалық Кеңесі – Халықаралық Олимпиада комитетімен мойындалған Ұлттық Олимпиадалық комитеттердің бес қауымдастығының бірі, қазіргі таңда 45 мемлекетті біріктіріп отырған Азия елдеріндегі Олимпиадалық қозғалысты басқарушы орган. Ұйым 1982 жылдың 16 қарашасында құрылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2098772-gennadii-golovkin-aziia-olimpiadalyq-kengesining-bas-assambleiasyna-qatysty/

pixel