Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Салтанат үшін": Эльбрус шыңын бағындырған қазақ қызы жетістігін Нүкеноваға арнады

Опубликовано:

Эльбрус шыңына шыққан альпинистер
Эльбрус шыңына шыққан альпинистер. Фото: instagram.com/sapfirakanaeva

Қазақстандық альпинист Сапфира Қанаева 5642 метр биіктікте орналасқан Эльбрус шыңын бағындырып, осы жетістігін марқұм Салтанат Нүкенованың рухына арнады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Inform.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Сапфира Қанаева 3 мамырда таңертең тәжірибелі альпинистермен бірге Эльбрус шыңына жол тартып, бірнеше сағаттық қажырлы еңбектен кейін діттеген жерге жеткен. Альпинистердің айтуынша, ауа райы қолайсыз болған және команда сәтті көтерілгеннен кейін лагерьге аман оралған.

"Салтанат мен үшін тек шабыт болған жоқ. Тау шыңына көтерілу идеясы маған Кабардин-Балқардағы Теріскөлде жүргенімде келді. Онда мен Еуропаның ең биік нүктесі – Эльбрусқа шығып, жеңісті Салтанатқа арнауды жоспарладым. Бойжеткеннің қайғылы өлімінің оқиғасы көптеген адамның жүрегін елжіретті. Соның ішінде мен де бармын. Мен бірдеңе істеп, тауларды жылжытып, әділдікті қалпына келтіргім келді", - деді Қанаева.

Айта кетейік, Сапфира Қанаева - "Жеті құрлықтың жеті шыңын" бағындырған тұңғыш қазақ әйелі. Ол Қазақстанның туын Африка, Еуропа және Оңтүстік Американың шыңына тіккен.

Осыған дейін тарихта тұңғыш рет қазақ қызы Анар Бурашева Эверест шыңын бағындырғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2100161-qazaqstandyq-alpinist-elbrus-shyngyn-bagyndyryp-zhetistigin-saltanat-nukenovaga-arnady-video/