Таеквондодан Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды
Опубликовано:

Таеквондодан Вьетнамда өтетін Азия чемпионатына қатысатын қазақстандық спортшылар анықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Таеквондодан Азия біріншілігі 16-18 мамыр аралығында өтпек. Бұл жарыста Қазақстан намысын 6 әйел, 6 ер спортшы қорғайды:
Әйелдер:
- Рита Бакишева (46 кг)
- Ботагөз Қапанова (49 кг);
- Айдана Сүндетбай (53 кг;
- Мария Севостьянова (57 кг);
- Жазира Исина (62 кг);
- Нұрай Хусаинова (67 кг).
Ерлер:
- Бектөре Оралханов (54 кг);
- Тамерлан Тілеулес (58 кг);
- Нұрбек Ғазиз (63 кг);
- Бексұлтан Мұсахан ( 68 кг);
- Нұрқанат Қожахмет (80 кг);
- Бейбарыс Қабылан (87 кг).
Еске салайық, наурызда Қытайдың Тайань қаласында өткен таеквондодан лицензиялық турнирде қазақстандық спортшылар Самирхон Абабакиров пен Батырхан Төлеуғали Олимпиада жолдамасын жеңіп алған еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2100434-taekvondodan-aziia-chempionatyna-qatysatyn-qazaqstan-quramasy-anyqtaldy/