Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Танымай қалдық": Олимпиада чемпионы Cветлана Подобедова 12 жылда қалай өзгергенін көрсетті (видео)

Опубликовано:

Cветлана Подобедова
Cветлана Подобедова. Фото: olympic.kz

Ауыр атлетикадан Лондон Олимпиадасының чемпионы Cветлана Подобедова 12 жылда қалай өзгергенін көрсетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Cветлана Подобедова Instagram желісіндегі парақшасында 2012 жыл мен 2024 жыл аралығындағы өзгерісін бейнелейтін видео жариялады.

Желі қолданушылары спортшының өзгерісіне таңғалғанын жазды.

"Танымай қалдық", "Бұл Светлана емес сияқты", "Жақында ғана жеңген сияқты едіңіз, бірақ 12 жыл өтіп кетіпті ғой", "Біз сізбен мақтанамыз", "Сіз өмірде де спортта да чемпион болып қаласыз", - деп жазды оқырмандар.

Айта кетейік, Cветлана Подобедова 2012 жылы Лондонда өткен жазғы Олимпиада ойындарында ауыр атлетикадан алтын медаль жеңіп алған еді. Кейін Халықаралық ауыр атлетика федерациясы  (ХААФ) допинг сынамасында тыйым салынған препараттар табылғаны үшін Подобедованы 8 жылға спорттан шеттетті. Шешім 2016 жылғы 26 мамырдан бастап күшіне енген болатын. Сол жылы Светлана спорттағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2100842-tanymai-qaldyq-olimpiada-chempiony-cvetlana-podobedova-12-zhylda-qalai-ozgergenin-korsetti-video/