jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Қуат Хамитовтың бұрынғы қарсыласына оқ атылды

    Залимхан Юсупов пен Қуат Хамитов
    Залимхан Юсупов пен Қуат Хамитов. Фото: Sergey Baranov/HARDCOREMEDIA

    Ресейлік аралас жекпе-жек шебері Залимхан Юсуповке атыс қаруымен шабуыл жасалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "РИА Новости Спорт" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

    Дереккөздің хабарлауынша, Залимхан бірнеше оқ жарақатымен ауруханаға түскен. Оқиға Дағыстан астанасы Махачкалада болған.

    "Түнде Махачкаладағы көшелердің бірінде Залимхан Юсуповтың қатысуымен жанжал болып, ол төбелеске ұласты. Сол мезетте Юсуповқа оқ атылды. Оның бірнеше жері жақаттанып, ауруханаға жеткізілді", - деді дереккөз.

    Telegram-дағы Mash арнасының хабарлауынша, бір топ адам файтерге жақындап, оны тыйым салынған зат қолданды деп айыптаған. Кейін атысқа ұласқан қақтығыс басталған.

    Еске сала кетейік, Юсупов 2023 жылы Алматыда өткен Hardcore MMA турнирінде қазақстандық файтер Қуат Хамитовпен жекпе-жекке шыққан еді. Кездесу Хамитовтың жеңісімен аяқталған болатын.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.