Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тарихи жүлде: қазақстандық гимнаст Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Жарияланған күні:

Милад Карими
Милад Карими. Фото: olympic.kz

Милад Карими спорттық гимнастикадан Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында көпсайыстан күміс медаль еншіледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Карими көпсайыстан 84.632 ұпай жинап, жалпы есепте екінші орынға жайғасты. Алтын медальді әлем чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері, филиппиндік Карлос Юло еншіледі. Ал өзбекстандық Абдулла Азимов 82.431 ұпаймен қола медаль иеленіп, Париж Олимпиадасына жолдама алды. Карими де, Юло да жолдама мәселесін шешіп қойғандықтан, квота өзбек гимнастына беріледі. 

Тағы бір қазақстандық гимнаст Дмитрий Патанин 79.598 ұпаймен көпсайыста жүлдеге іліге алмай, тиісінше, Олимпиадаға іріктеуден өткен жоқ. 

Айта кетейік, Милад Карими Азия чемпионатында көпсайыстан күміс медаль алу арқылы тарихи жетістікті тіркеп отыр. Бұған дейін қазақстандық гимнастар жекелеген снарядтарда жүлде алғанымен, құрлық додасында көпсайыс қорытындысы бойынша медаль еншілемеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2102090-tarihi-zhulde-qazaqstandyq-gimnast-aziia-chempionatynda-kumis-medal-zhengip-aldy/