jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық хоккейші ойын кезінде жанкүйерге ерекше сыйлық тарту етті (видео)

    Мәди Диханбек
    Мәди Диханбек. Фото: instagram.com/kazakhstanhockey

    Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Мәди Диханбек жас жанкүйерге шайба сыйлады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Ұлттық құрама ойыншысының жанкүйерге шайба сыйлаған сәтінің видеосы Қазақстан хоккей федерациясының Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды.

    Жас жанкүйер хоккейшілердің назарын аудару үшін плакат ұстап тұрған. Плакатта "Сәлем! Кеше менің туған күнім болды және ең жақсы сыйлық сізден шайба болар еді" деп жазылған. Мұз айдынында жүрген Мәди Диханбек оны байқап қалып, балаға қолындағы шайбасын сыйлады.

    Айта кетейік, қазір хоккейден Қазақстан құрамасы Чехиядағы әлем чемпионатына қатысып жатыр. Қазақстандық хоккейшілер жарыстағы алғашқы матчын Францияға қарсы өткізіп, 3:1 есебімен жеңген еді. Кейін Словакияға 2:6, Латвияға 0:2, Швецияға 3:1 есебімен есе жіберді. Енді Қазақстан құрамасы бүгін, 17 мамырда Германияға қарсы ойнайды.

    Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының B тобында 3 ұпаймен 7-орында тұр.

    Қазақстандық хоккейші ойын кезінде жанкүйерге ерекше сыйлық тарту етті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.