Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жәнібек Әлімханұлы Қабирханмен түскен суретін жариялады (фото)

Жарияланған күні:

Жәнібек Әлімханұлы мен Қабирхан
Жәнібек Әлімханұлы мен Қабирхан. Фото: twitter.com/qazaqstyle

Орта салмақ дәрежесіндегі WBO және IBF чемпиондық белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлы X желісіндегі парақшасына қазақстандық сәйгүлік Қабирханмен түскен суретін жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Қабирхан қазіргі таңда АҚШ-тың Кентукки штатындағы WinStar фермасында жүр. Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы сәйгүлікті арнайы іздеп барған көрінеді. Былғары қолғап шебері Қабирханмен суретке түсіп, X желісіндегі парақшасына жариялады.

Айта кетейік, Қабирхан наурызда Дубайдағы әлем кубогіне қатысқан еді. Ол ирландиялық жокей Патрик Доббспен бірге жарыс жолына шығып, мәре сызығын сегізінші болып кесті.

Ал Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-та келесі жекпе-жегіне дайындалып жүр. Қазақстандық боксшы 13 шілдеде Лас-Вегастағы Palm Casino Resort аренасындағы бокс кешінде жұдырықтасатынын жазған едік. Оның қарсыласы IBF белбеуіне міндетті үміткер, Жаңа Зеландия өкілі Андрей Михайлович болуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2103803-zhanibek-alimhanuly-qabirhanmen-tusken-suretin-zhariialady-foto/