jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегіне қызу дайындалып жатыр (видео)

    Боксшы Жәнібек Әлімханұлы
    Боксшы Жәнібек Әлімханұлы. Фото: Steve Marcus/Getty Images

    Орта салмақ дәрежесіндегі WBO және IBF чемпиондық белбеулерінің иегері, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегіне дайындалып жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    "Америкадамыз. Жаттығу басталды! Қазақтың туы желбіресін, мәртебесі асқақ болсын деп жүретін Кеңес Рақышев ағамыз бұл жолы да бізге қолдауын көрсетіп жатыр. Кеңес Рақышев біздің тілеулес ағамыз, командамыздың жанашыры! Алдыңғы жекпе-жектерде де қолдау көрсеткенін жақсы білесіздер! Тарихи сәттер, мәртебелі сәттер көп болғай. Көк ту желбірей берсін!", - деп жазды Әлімханұлы Instagram желісіндегі парақшасында.

    Айта кетейік, Әлімханұлы кезекті жекпе-жегін 13 шілдеде Лас-Вегастағы Palm Casino Resort аренасындағы бокс кешінде өткізетінін жазған едік. Оның қарсыласы IBF белбеуіне міндетті үміткер, Жаңа Зеландия өкілі Андрей Михайлович болуы мүмкін.

    Әлімханұлы рингке соңғы рет 2023 жылдың 15 қазанында шықты. Ол кезде Жәнібек Германия өкілі Винченцо Гуальтиериді алтыншы раундта нокаутқа түсіріп, WBO және IBF ұйымдарының чемпиондық белбеулерін біріктірді.

    Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегіне қызу дайындалып жатыр (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.