Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Психикалық науқаспын, дәрі-дәрмек керек": АҚШ-та панасыз қалған қазақстандық спортшы мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Мария Агапова
Мария Агапова. Фото: Josh Hedges/Zuffa LLC

UFC промоушенінде өнер көрсететін жалғыз қазақстандық қыз Мария Агапова АҚШ-та панасыз қалғанын мәлімдеген еді. Ал Sport+ Qazaqstan арнасына берген сұхбатында Мария өзінің психикалық науқас екенін және емделуге де қаражат керек екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жуырда ғана көпшіліктен материалдық көмек сұрап әлеуметтік желіде жазба қалдырған қазақстандық файтер Мария Агапова тағы мәлімдеме жасады.

"Баспанадан бөлек маған тамаққа және дәрі-дәрмекке ақша керек. Себебі мен психикалық науқаспын. Дәрі-дәрмексіз ұйықтауым мүмкін емес. Жүріс-тұрысым да қиындады. Менің есепшотыма адамдар 200 доллар қаражат жіберді. Бұл ақша маған аптаның аяғына дейін ғана жетеді. Содан кейін Техасқа кетемін, сол жақтан аздап ақша табуым керек", - деді Мария Агапова.

Еске салайық, UFC файтері 20 мамырда Instagram желісіндегі ресми парақшасында панасыз далада қалғанын жазған болатын. Спортшы көпшіліктен материалдық көмек және үйсіздерге арналған баспананың мекен-жайын сұрады.

27 жастағы Мария Агапованың (10-4) UFC-дегі кезекті жекпе-жегі 13 шілдеге жоспарланған. Ол Бразилия өкілі Луана Сантоспен (7-1) UFC Fight Night турнирінде кездеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2105640-psihikalyq-nauqaspyn-dari-darmek-kerek-aqsh-ta-panasyz-qalgan-qazaqstandyq-sportshy-malimdeme-zhasady/