Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық гимнастар Болгариядағы халықаралық турнирде екі алтын медаль жеңіп алды

Жарияланған күні:

Нариман Құрбанов
Нариман Құрбанов. Фото: olympic.kz

Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасы Болгарияның Варна қаласында өткен Challenger Cup турнирінде екі алтын, бір қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Нариман Құрбанов тұтқалы ат снарядында 15.433 ұпай жинап, жеңімпаз атанды. Күміс пен қоланы Өзбекстан мен Хорватия спортшылары иеленді. 

Ал еркін жаттығуда Дмитрий Патанин 14.033 ұпаймен алтын жүлде еншіледі. Осы жаттығуда қола медальді тағы бір қазақстандық гимнаст Салим Асанов (13.533) қанжығалады. 

Бұл жарыс Қазақстан құрамасының Олимпиада қарсаңындағы дайындық кезеңдерінің бірі саналады. 

Еске салайық, Нариман Құрбанов Ташкентте өткен Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алған еді. Ол гимнастикалық ат снарядында 15.600 ұпай жинаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2107242-qazaqstandyq-gimnastar-bolgariiadagy-halyqaralyq-turnirde-eki-altyn-medal-zhengip-aldy/