Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көкпар аттарын ұстаймын": боксшы Асланбек Шымбергенов ұлттық спортқа қызығушылығы туралы айтты

Жарияланған күні:

Асланбек Шымбергенов
Асланбек Шымбергенов. Фото: olympic.kz

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов көкпар аттарын ұстайтынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Youtube желісіндегі "Спорт министрі" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Мен көкпар шаппаймын, бірақ көкпар аттарын ұстаймын. Көкпарға өте қатты қызығамын. Бұл – қауіпті спорт. Неше түрлі жағдайларды өз көзіммен көрдім. Біз бокста жүргеннен кейін, көкпар ойнауға болмайды", - деді Асланбек.

Айта кетейік, 71 кг салмақта жұдырықтасатын Шымбергенов наурызда Италияның Бусто-Арсицио қаласында өткен әлемдік лицензиялық турнирде Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алған еді. 30 жастағы қазақстандық боксшы мансабында алғаш рет Олимпиада ойындарына қатысады.

Асланбек – 2023 жылғы әлем чемпионатының және 2022 жылғы Азия біріншілігінің жеңімпазы. Ол 71 кг салмақ дәрежесіндегі әуесқой боксшылар арасындағы рейтингте көш бастап тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2109255-kokpar-attaryn-ustaimyn-boksshy-aslanbek-shymbergenov-ulttyq-sportqa-qyzygushylygy-turaly-aitty/