jitsu gif
Спорт

    Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны әлемдік рейтингте көш бастады

    Боксшы Асланбек Шымбергенов
    Боксшы Асланбек Шымбергенов. Фото: Olympic.kz/Сали Сабиров

    Асланбек Шымбергенов 71 килограмға дейінгі салмақ дәрежесіндегі әуесқой боксшылар арасындағы рейтингте көш бастады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ BoxRec порталына сілтеме жасап хабарлайды.

    Шымбергенов – 2023 жылғы әлем чемпионатының және 2022 жылғы Азия біріншілігінің жеңімпазы. Оның әуесқой рингтегі рекорды – 99-20.

    Аталған рейтингте екінші орында өзбекстандық былғары қолғап шебері Асадхужа Муйдинхужаев тұр. Ал үшінші орынға оның отандасы Сайджамшид Жафаров орналасқан.

    Асланбек Шымбергенов Италияның Бусто-Арсицио қаласында өткен әлемдік лицензиялық турнирде Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алған еді. Ол ақтық сында Әзербайжан өкілі Сархан Алиевпен қолғап түйістіріп, сенімді жеңіске қол жеткізді. 30 жастағы қазақстандық боксшы биыл алғаш рет Олимпиада ойындарына қатысады.

    Еске салайық, әуесқой боксшылардың жалпы рейтингінде Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов көш бастаған еді.

    Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны әлемдік рейтингте көш бастады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.