jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Елена Рыбакина украиналық теннисшіні жеңіп, Токио Олимпиадасында кеткен есесін қайтарды

    Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина
    Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина. Фото: Mark Brake/Getty Images

    Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина "Ролан Гаррос" турнирінің ширек финалына өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Рыбакина жарыстың төртінші айналымында украиналық Элина Свитолинаға қарсы ойнады. Бұл бәсекеде қазақстандық теннисші 6:4, 6:3 есебімен басым түсті.

    Рыбакина мен Свитолина осыған дейін үш рет кездескен. Соңғы кездесу Токио Олимпиадасында болды. Ол кезде екі теннисші қола жүлдеге таласып, украиналық спортшы жеңіске жеткен еді.

    Еленаның "Роллан Гаррос" турниріндегі келесі қарсыласы әлемнің 15-ракеткасы италиялық Ясмине Паолини мен рейтингте 70-орында тұрған ресейлік Элина Аванесян арасындағы ойыннан кейін анықталады.

    Еске салайық, Елена Рыбакина "Ролан Гаррос" жарысының алғашқы айналымынан кейін болған баспасөз мәслихатында журналистердің бірсарынды сұрақтарына шамданғанын жазған едік.

    Елена Рыбакина украиналық теннисшіні жеңіп, Токио Олимпиадасында кеткен есесін қайтарды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.