jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "95 жасымда да жарысқа қатысамын": қарағандылық ақсақал пауэрлифтингтен әлем чемпионы атанды

    Дәрібай Оспанов
    Дәрібай Оспанов. Фото: gov.kz

    Қарағанды облысының 75 жастағы тұрғыны Дәрібай Оспанов пауэрлифтингтен әлем чемпионатында алтын мен күміс медаль жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    46 елден түрлі жастағы 960 спортшы бақ сынаған әлем чемпионаты Остин қаласында (Техас штаты, АҚШ) өтті. Жарысқа Қазақстаннан ардагерлер арасында тек Дәрібай Оспанов барды. 75 жастағы ақсақал классикада күміс, ал экипировкада алтын жүлде еншіледі.

    "Мен халықаралық дәрежедегі спорт шеберімін, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысымын, төрт дүркін әлем чемпионымын, он дүркін Азия чемпионымын. Әлем чемпионатында 70 жастан асқан спортшылар санатында өнер көрсеттім. Біз 5 адам болдық – жапон, неміс, канадалық және үндіс. Нәтижеге ризамын. Мақсатым – Дания спортшысын жеңу. Ол 94 жасында өнер көрсетті, ал мен 95 жасымда да жарысқа қатысамын", - деді спортшы.

    Әлем біріншілігіне Дәрібай Оспановтың ұлы Қараман Абдулкәрім де қатысты. Ол классикада жеңімпаз атанcа, экипировкада екінші орын иеленді.

    "95 жасымда да жарысқа қатысамын": қарағандылық ақсақал пауэрлифтингтен әлем чемпионы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.