Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық каратэші Мөлдір Жаңбырбай халықаралық жүлдеге ие болды

Опубликовано:

Мөлдір Жаңбырбай
Мөлдір Жаңбырбай. Фото: instagram.com/kazakhstankarateteam

Қазақстандық каратэші Мөлдір Жаңбырбай әр салмақ дәрежесінде үздік спортшыларға берілетін Grand Winner марапатына ие болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан каратэ федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Касабланкада (Морокко) өткен Karate1 Premier League халықаралық турнирінде Мөлдір Жаңбырбай 50 кг салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанды. Сондай-ақ ол алғаш рет Grand Winner атағына ие болды.

Grand Winner марапаты маусым бойы Премьер лига кезеңдерінде ең көп ұпай жинаған спортшыларға беріледі. Мөлдір Анталияда алған алтын медальді қосқанда осы маусымда барлық үш жарыста жүлде еншіледі.

Еске салайық, Мөлдір Жаңбырбай 2023 жылы әлем біріншілігінде топ жарған еді. Осылайша, Қазақстан тарихында тұңғыш рет каратэден әлем чемпионы болған спортшы атанды. Сонымен бірге қазақстандық каратэші былтыр Ханчжоуда (Қытай) өткен жазғы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2114865-qazaqstandyq-karateshi-moldir-zhangbyrbai-halyqaralyq-zhuldege-ie-boldy/