jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Денис Тенді жаттықтырған әйгілі бапкер өмірден өтті

    Фрэнк Кэрролл және Денис Тен
    Фрэнк Кэрролл және Денис Тен. Фото: instagram.com/denisten_official

    Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді жаттықтырған америкалық бапкер Фрэнк Кэрролл 85 жасында қайтыс болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ АҚШ мәнерлеп сырғанау федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.

    Кэрролл Олимпиада және әлем чемпионы Эван Лайсачекті, бес дүркін әлем чемпионы Мишель Кванды және екі дүркін әлем чемпионы Линда Фратианиді жаттықтырды. Одан қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен де тәлім алды.

    Америкалық бапкер 1997 жылы АҚШ Ұлттық Олимпиада комитетінің "жылдың үздік жаттықтырушысы" сыйлығын жеңіп алған. Сондай-ақ ол 2007 жылы әлемдік мәнерлеп сырғанау спортының Даңқ залына енгізілді. Маман 2018 жылы бапкерлік мансабын аяқтаған болатын.

    Еске салайық, қазақстандық мәнерлеп сырғанушы, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен 2018 жылы Алматыда автокөлік ұрыларының қолынан қаза тапты.

    Денис Тенді жаттықтырған әйгілі бапкер өмірден өтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.