Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркияда 380 мың доллар: Әлем елдері Париж Олимпиадасының жүлдегеріне қанша сыйақы береді

Опубликовано:

Париждегі Эйфель мұнарасы
Париждегі Эйфель мұнарасы. Фото: Photo by Julien Mattia/NurPhoto via Getty Images

Биыл Парижде (Франция) өтетін жазғы Олимпиада ойындарына 206 мемлекет қатысады. Осы ретте KAZ.NUR.KZ тілшісі Олимпиада жүлдегерлері мен жеңімпаздарына әр елде қанша сыйақы берілетінін анықтап көрді.

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ең көп сыйақы төлейтін ел – Cингапур. Бұл мемлекетте алтын медаль үшін – 737 мың доллар, күміске – 369 мың доллар, қолаға – 184 мың доллар беріледі. 2021 жылы өткен Токио Олимпиадасында сингапурлық спортшылар бірде-бір медаль иелене алмаған еді.

Спортшыларға төленетін сыйақы мөлшері жағынан екінші орында Тайвань тұр. Бұл елдің Олимпиада чемпиондары 719 мың долларға ие болады. Ал күміс жүлдегерлер 252 мың, қола жүлдегерлер 180 мың долларды қалтасына басады.

Үздік үштікті Гонконг түйіндеп тұр. Алтын алқа тағынған гонконгтық спортшыларға 644 мың доллар берілсе, күміс үшін 322 мың, қола үшін 161 мың доллар төленеді.

Ал Қазақстанда кейінгі 16 жыл бойы Олимпиада жүлдегерлеріне берілетін сыйақы мөлшері өзгерген жоқ. 2008 жылы ел үкіметі төртжылдықтың басты бәсекесінде чемпион атанғандар 250 мың доллар алады деп шешті. Күміс жүлдегерлерге 150 мың, қола еншілегендерге 75 мың доллар сыйақы қарастырылған. Осы көрсеткіш бойынша еліміз әлем мемлекеттері арасында жетінші орында тұр.

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегелеріне ең көп сыйақы төлейтін елдер:

1. Сингапур:

  • Алтын: 737 мың доллар;
  • Күміс: 369 мың доллар;
  • Қола: 184 мың доллар.

2. Тайвань:

  • Алтын: 719 мың доллар;
  • Күміс: 252 мың доллар;
  • Қола: 180 мың доллар.

3. Гонконг:

  • Алтын: 644 мың доллар;
  • Күміс: 322 мың доллар;
  • Қола: 161 мың доллар.

4. Израиль:

Алтын: 640 мың доллар;

Күміс: 210 мың доллар;

Қола: 130 мың доллар.

5. Түркия:

  • Алтын: 380 мың доллар;
  • Күміс: 230 мың доллар;
  • Қола: 115 мың доллар.

6. Индонезия:

  • Алтын: 346 мың доллар;
  • Күміс: 138,4 мың доллар;
  • Қола: 69,2 мың доллар.

7. Қазақстан:

  • Алтын: 250 мың доллар;
  • Күміс: 150 мың доллар;
  • Қола: 75 мың доллар.

Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстан қоржынында Париж Олимпидасының 67 лицензиясы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2115117-turkiiada-380-myng-dollar-alem-elderi-parizh-olimpiadasynyng-zhuldegerine-qansha-syiaqy-beredi/