Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Париж Олимпиадасы: Қазақстан қоржынына тағы бір жолдама түсті

Жарияланған күні:

Кирилл Герасименко
Кирилл Герасименко. Фото: instagram.com/turizm_sport_ministrligi

Үстел теннисінен Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Кирилл Герасименко Парижде өтетін Олимпиадаға лицензия жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Туризм және спорт министрлігінің Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Кирилл көптеген рейтингтік жарысқа қатысып, тұрақты ұпай жинау арқылы лицензияға қол жеткізді. Ол Халықаралық үстел теннисі федерациясының жаңарған рейтингінде (ITTF) Азия құрлығында жолдамасы жоқ ойыншылар арасында ең жоғарғы орынға жайқасты.

Айта кетейік, Герасименко 3-рет Олимпиадаға қатысады. Ол 2016 жылы Риода және 2021 жылы Токиода ел намысын қорғаған. Франция астанасында үстел теннисінен жарыстар 27 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді.

Осыған дейін 10 метрден тапаншамен нысана көздеуде Ирина Юнусметова лицензия иеленген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2116032-parizh-olimpiadasy-qazaqstan-qorzhynyna-68-zholdama-tusti/