Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан қоржынындағы Олимпиада лицензия саны 67-ге жетті

Опубликовано:

Ирина Юнусметова. Фото
Ирина Юнусметова. Фото: kazsports.kz

Халықаралық нысана көздеу (ISSF) федерациясы барлық әлем кубогының кезеңінен кейін Олимпиадалық рейтингін жаңартты. Соның нәтижесінде Ирина Юнусметова Париж ойындарының лицензиясын иеленді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Cпортты дамыту дирекциясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Юнусметова қайта үлестіру кезеңінде 10 метрден тапаншамен нысана көздеуде жолдамаға қол жеткізді.

Бұл – Қазақстан спорттық ату федерациясының еншісіндегі 9-лицензия. Осыған дейін Ислам Сатпаев, Константин Малиновский, Александра Ле, Арина Алтухова, Никита Чирюкин (нысана көздеу); Әсем Орынбай, Эдуард Ещенко мен Мария Дмитриенко (стенд ату) Париж Олимпиадасына жолдама алған еді. Осылардың ішінде Әсем Орынбай мен Ирина Юнусметованың лицензиясы жеке спортшыға тиесілі. Ал қалғаны – федерацияға берілген квота.

Осылайша, Қазақстан қоржынындағы лицензия саны 67-ге жетті. Париж Олимпиадасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2114943-qazaqstan-qorzhynyndagy-olimpiada-litsenziiasy-sany-67-ge-zhetti/