Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Токио Олимпиадасында ту ұстап шыққан қазақстандық спортшылардың костюмі Ұлттық музейге табысталды

Опубликовано:

Қамшыбек Қоңқабаев және Ольга Рыпакова
Қамшыбек Қоңқабаев және Ольга Рыпакова. Фото: olympic.kz

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті 2020 жылғы Токио Олимпиадасында ту ұстаушылар киген костюмді Ұлттық музейдің қорына табыстады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ҰОК-нің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған киім үлгісімен Токио Олимпиадасының ашылу салтанатында боксшы Қамшыбек Қоңқабаев пен жеңіл атлет Ольга Рыпакова Қазақстан туын ұстап шыққан еді. Костюмдерді Ұлттық музейге салтанатты түрде табыстау рәсіміне Рыпакова да қатысты.

"Бұл шараға қатысу мен үшін үлкен мәртебе. Токио Олимпиадасында Қазақстанның көк туын көтеріп шығу мақтаныш қана емес, үлкен жауапкершілік еді. Себебі бүкіл елдің бет-бейнесі болғандықтан, бәрінің назары бізге ауды. 

Біздің костюмдеріміз Токио ойындарында үлкен қызығушылық  туғызды. Жанкүйерлер, өзге ел өкілдері мен атлеттер біздің киім үлгісінің әдемілігі мен көркемдігіне тәнті болғанын атап өту керек.

Ту ұстаушылардың костюмі қолмен кестеленген бірегей дизайнымен ғана емес, терең мағынасымен де ерекшеленді – әрбір өрнектің өзіндік мәні бар. Енді бұл костюмдердің Қазақстан Ұлттық музейінің қорына өткені қуантып отыр. Өйткені, музейге келген әрбір адам біздің елдің Олимпиаада ойындарына қатысу тарихына көз жүгірте алады.

Халықаралық Олимпиада күнінің қарсаңында өскелең ұрпақты олимпиадалық спорттық қозғалысқа мейілінше көбірек тартудың маңыздылығын айтқым келеді", - деді Ольга Рыпакова. 

Токио Олимпиадасында Қамшыбек Қоңқабаев пен Ольга Рыпакова киген костюм
Токио Олимпиадасында Қамшыбек Қоңқабаев пен Ольга Рыпакова киген костюмдер. Фото: olympic.kz

Ту ұстаушылардың костюмдері арнайы ҰОК-тың тапсырысы арқылы тігілген әрі айрықша үлгісімен ерекшеленеді. Киімді тігу жұмысына Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының мамандары атсалысса, безендіру және тігу жұмыстарына белгілі алматылық модельер Виолетта Иванова тартылды.

Айта кетейік, 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының ту ұстаушылары Абзал Әжіғалиев пен Екатерина Айдованың киім үлгісін Қазақстан ҰОК Лозаннадағы Олимпиадалық музейге табыстаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2116371-tokio-olimpiadasynda-tu-ustap-shyqqan-qazaqstandyq-sportshylardyng-kostiumi-ulttyq-muzeige-tabystaldy/