Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

6 жылда – 200 миллиард теңге: Антикор футбол және хоккейге жұмсалған қыруар ақша туралы айтты

Опубликовано:

Футбол алаңындағы доп
Футбол алаңындағы доп. Фото: pixabay.com

Антикорда өткен брифингте спортты қаржыландыру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген талдау нәтижелері айтылып, елдегі футбол клубтарына жұмсалған қаражат көлемі аталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Антикор мен Туризм және спорт министрлігі бірлесіп жүргізген талдау барысында спорт федерациялары мен кәсіпқой клубтардың тиімсіз шығындары анықталғаны хабарланды.

"Соңғы 6 жылда небәрі 18 футбол клубын қаржыландыруға 200 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Мұндай шығындармен Қазақстан ФИФА-ның әлемдік рейтингінде төмен орында тұр. Ең қымбат клуб "Самұрық-Қазына" АҚ-нан демеушілік көмек алатын "Астана" ФК – 50,1 миллиард теңге, одан кейін "Барыс" хоккей клубы – 48,9 миллиард теңге.

Ақшаның жұмсалу мақсаты – спортты қолдау мен ынталандыру. Бұл ретте оның басым бөлігі еңбекақыға, бір реттік төлемдерге, аударымдарға, агенттік келісімдерге жұмсалады. Бұл қаражатты пайдалану жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жағдайында орын алады. Өзінің инфрақұрылымының жоқтығынан клубтар жыл сайын алаңдар мен мұз айдындарын жалға алуға миллиондаған доллар жұмсайды", - дейді Антикордың ресми өкілі Данияр Биғайдаров.

Ол Агенттік осы тәуекелдерді жою бойынша ұсыныстар әзірлегенін, олардың негізгілері: балалар мен бұқаралық спортқа баса назар аудара отырып, қаржыландырудың басымдықтарын қайта қарау, спорт инфрақұрылымын дамыту, қаржыландыруды орталықтандыру, цифрландыруды енгізу және бір көзден сатып алуды шектеуден шығару.

Еске салайық, өткен жылдың желтоқсан айында Антикордың Туризм және спорт министрлігінің, оның ішінде ведомствоға қарасты ұйымдардың қызметіне сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша талдау жасайтыны белгілі болған еді.

Биылғы жылдың наурыз айында бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ұсталған болатын. Кейін Қазақстанның спорт саласында жүйелі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталғаны белгілі болды.

Бұған дейін "Жетісу" футбол клубының директоры Қалмұхамет Дөңсебаев қамауға алынды. Ол оқу-жаттығу жиындарына бөлінген 85,4 миллион теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

Сондай-ақ, жақында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізген тергеуден кейін қазақстандық жалған спортшылар титулдарынан айырылды.

Ал қазір мәжілісте Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіруге бағытталған екі заң жобасы қаралуда. Олар сыбайлас жемқорлыққа жол берген шенеуніктердің мемлекеттік тізілімін енгізуді және пара беру туралы уәде/ұсынысты қылмыстық жауапкершілікке тартуды көздейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2120277-200-milliard-tengge-antikor-qazaqstandagy-eng-qymbat-futbol-zhane-hokkei-klubyn-atady/