Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Александр Недовесов: Олимпиада ойындарына қатысуды армандайтынмын

Опубликовано:

Александр Недовесов
Александр Недовесов. Фото: STRINGER/AFP via Getty Images

Теннистен Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Александр Недовесов Sport Plus Qazaqstan арнасына берген сұқбатында ағымдағы маусым және Олимпиадаға қатысу мүмкіндігі туралы айтып берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

– 2024 жылдың бірінші кезеңінде сіз ATP 250 турнирінде жеңіске жеттіңіз, содан кейін Челленджер және Лос-Кабоста ATP 250 турнирінде финалда өнер көрсеттіңіз. Жалпы бірінші жартыжылдықтың нәтижесіне көңіліңіз тола ма?

– Жалпы нәтиже жаман емес. Кез-келген жағдайда мен барымды салып ойнауға тырысамын, бірақ бұл талпыныстар үнемі жеңіске әкеле бермей жатады. Әрине, Эшторилдегі ATP 250 турниріндегі жеңіс мен үшін ерекше болды, оның алдында челленджерде жеңіске жеттім. Әрдайым дәл осындай жеңіс жолы бола бермейді, бірақ маусым әлі аяқталған жоқ, бізді әлі көп ойын күтіп тұр.

– Алдағы Уимблдоннан не күтесіз, сіз үшін қандай нәтиже көңіл көншітеді?

– "Үлкен дулыға" турнирлерінің орны бөлек, әрине. Бұл додаларда барынша жақсы ойнауға тырысамын. "Уимблдонның" үшінші айналымы мен үшін өте нәтижелі болады деп күтемін. Барлығы да жеребеге байланысты болады.

– Егер рейтингке көз жіберер болсақ, биыл сіз өз мансабыңызда алғаш рет Олимпиада ойындарына жұптық сында қатысуға мүмкіндігіңіз бар. Егер рейтингтік мәселеде бәрі оңалып кетсе, 37 жаста Олимпиада ойындарына тұңғыш рет қатысқалы отырсыз.

– Олимпиада ойындарына қатысуды армандайтынмын. Жас кезімде мен кез-келген олимпиадалық жарыстың эфирін әрдайым теледидардан қызыға отырып тамашалайтынмын. Егер Олимпиадаға жолдама ала алсам, мен шынайы қуанар едім. Мен бұл туралы әлі білмейді екем, шынымды айтсам, сіз бұл жаңалықты бірінші болып хабарладыңыз, өйткені Олимпиадаға менің баратыным жөніндегі ақпарат ресми расталмады. Қалай болғанда да, мен бірінші рет Олимпиадада өнер көрсетуге және теннистен еліміздің атынан қатысуға қуаныштымын.

Айта кетейік, Александр Недовесовтің Париж Олимпиадасының жолдамасына таласуға әлі де мүмкіндігі бар. Ереже бойынша жұптық сында рейтинг көшбасшылары 10 орынға ие болады, содан кейін олар 32 жұп қабылданғанға дейін бұл орындар ең жоғары жиынтық рейтингі бар жұптар арасында бөлінеді. Қазіргі уақытта Александр Недовесов ATP-ның жұптық рейтингінде 48-орында тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2120337-aleksandr-nedovesov-olimpiada-oiyndaryna-qatysudy-armandaitynmyn/