Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оның мойнында үлкен жауапкершілік тұр": америкалық промоутер Головкиннің басшылық қызметі жайлы айтты

Жарияланған күні:

Геннадий Головкин
Геннадий Головкин. Фото: t.me/olympickz

Ұзақ жылдар бойы Геннадий Головкинмен жұмыс істеген америкалық промоутер Том Леффлер боксшының Қазақстандағы басшылық қызметі жайлы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Boxing Scene порталына сілтеме жасап хабарлайды.

"Мен әлі күнге дейін Геннадиймен сөйлесіп тұрамын. Ол Қазақстанда үлкен қызмет атқарып жатыр. Головкин – Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы. Осы жылы Парижде өтетін Олимпиада және 2028 жылы Лос-Анжелесте өтетін Олимпиадаға байланысты оның мойнында үлкен жауапкершілік тұр.

Ол әуесқойлар арасындағы әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері және кәсіби бокстағы әлемдік супержұлдыз болғандықтан бұл жауапты жұмыс. Ол қазіргі қызметіне өте лайық деп ойлаймын. Өйткені Головкин боксты іштей және сырттай, Олимпиадалық деңгейде де, кәсіби деңгейде де біледі", - деді Том Леффлер.

Еске салайық, Геннадий Головкин 26 ақпанда Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болып сайланған еді. Сондай-ақ ол мамырда Халықаралық Олимпиада Комитеті Olympism 365 комиссиясының мүшесі болып тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2120823-onyng-moinynda-ulken-zhauapkershilik-tur-amerikalyq-promouter-golovkinning-basshylyq-qyzmeti-zhaily-aitty/