Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем чемпионы атанған қазақстандық шахматшыға автокөлік сыйға тартылды

Жарияланған күні:

Қазыбек Нөгербек
Қазыбек Нөгербек. Фото: instagram.com/kzchessfederation

Шахматтан 20 жасқа дейінгі әлем чемпионы атанған гроссмейстер Қазыбек Нөгербекке автокөлік сыйға тартылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан шахмат федерациясының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазыбек Нөгербекке темір тұлпар шахматтан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының жабылу салтанатында тарту етілді.

Айта кетейік, Қазыбек Үндістанның Гандинагар қаласында 20 жасқа дейінгі шахматшылар арасында өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанған еді. Ол 11 турдан кейін 8,5 ұпай жинады. Қазақстандық шахматшы соңғы турда басты қарсыласы, гроссмейстер Мамикон Гарибянды жеңді. Қазір Қазыбектің FIDE рейтингі – 2501.

Осыдан екі жыл бұрын Нөгербек Грекияда өткен 18 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы әлем чемпионатында рапид пен блицте жеңімпаз атанған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шахматтан жастар арасындағы әлем чемпионы Қазыбек Нөгербекті құттықтағанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2121672-alem-chempiony-atangan-qazaqstandyq-shahmatshyga-avtokolik-syiga-tartyldy/