Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Зор жетістік": Тоқаев шахматтан жастар арасындағы әлем чемпионы Қазыбек Нөгербекті құттықтады

Опубликовано:

Қазыбек Нөгербек
Қазыбек Нөгербек. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шахматтан жастар арасындағы әлем чемпионы Қазыбек Нөгербекке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның Гандинагар қаласында өткен халықаралық жарыста әлем чемпионы атанған Қазыбек Нөгербекке құттықтау жеделхатын жолдады.

"Ел намысын қорғап, үздік шахматшы ретінде гроссмейстер дәрежесін иеленіп, жеңімпаз атану – зор жетістік. Ұлтымыздың абыройын асқақтататын өзің сияқты алғыр да ақылды ұрпақтың өсіп келе жатқаны қуантады. Алдағы уақытта да жарқын жеңістерге және арман-мақсаттарыңа жете беруіңе тілектеспін", - делінген жеделхатта.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2117721-memleket-basshysy-shahmattan-zhastar-arasyndagy-alem-chempiony-qazybek-nogerbekti-quttyqtady/